«Тандем» жоспары бойынша «Арай» түрлі жас тобында «Бөлме гүлдері» атты ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Мақсаты: балаларға бөлме өсімдіктерін күту туралы түсінік беру.
“Қарттарым —асыл қазнам”атты дөңгелек столдың мақсаты: Қарт адамдарға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау, үлкенді сыйлау, ізет көрсету және ұрпақтар сабақтастығын нығайту. Қариялардың қоғамдағы орнын дәріптеп, оларға деген мейірімділік пен қамқорлық сезімдерін арттыру.Қатысқандар: 1.Амантаев Төлеген ата
2.Қонысов Бейсенбек Әбілдаұлы ата
3.Искаков Шахмаран ата
4.Адырбаева Күлзия әжеміз,, Таңшолпан,, бөбекжайдан зинеткерлікке шыққан ардагеріміз. Өткізгендер педагогтар: Жумабекова О. С Шаярстан Г. Қ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ұлытау ауданы «Таңшолпан» бөбекжайы КМҚК ұжымы 2 қазан күні «Ағаш көшетін отырғызу» іс-шарасын ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпаққа табиғатты аялауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында бөбекжай ауласына 10-нан астам ағаш көшеттері отырғызылып, суару жұмыстары жүргізілді. Ұжым мүшелері белсенді атсалысты.
Басты мақсаты — адам құқықтарын қорғау, қоғамда әділдік пен қауіпсіздікті орнату және мемлекеттегі үйлесімділікті сақтау. Ол құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың жауапкершілігін арттыру және өркениетті, қауіпсіз орта қалыптастыру арқылы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
“Таңшолпан” бөбекжайында консултациялық пунк жоспары бойынша "Анаммен бірге қызықты ойын" тақырыбында жұмыс жүргізілді.
Мақсаты:Бөбекжайдағы дамытушы ортамен таныстыру.Сұрақ- жауап арқылы баламен байланысты нығайту.
«Тандем» жобасы бойынша “ТОЛАҒАЙ” сайысы педагогтар арасындағы арасында ұйымдастырылды. №6 Жезді тірек мектебінің педагогтары “ Алау” тобы және “Таңшолпан” бөбекжай тәрбиешілері “Қыран” тобы болып сайысты. Сайыс қорытындысы бойынша “Алау” тобы жеңіске жетті.👏👏👏
Мақсаты: Денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Педагогтардың көтеріңкі көңіл-күйде болуын қалыптастыру, тепе-теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызғушылықтарын арттыру.
“Таңшолпан” бөбекжайында Мектепке дейінгі ұйымдағы «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы бойынша «Әжелер, Әкелер, Аналар» мектебін ұйымдастыру тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Әжелер, Әкелер, Аналар» мектебін ұйымдастыру бойынша ұлттық құңдылықтарды іске асыру мақсатында педагогтармен тәжірибе алмасу.
Ұлытау облысының білім басқармасының «Мектепке дейінгі,жалпы орта білім беру және тәрбие» бөлімінің бас маманы Кульбаева Б.Т және Ұлытау ауданының
білім бөлімінің басшысы
Абдраимов Б.Қ. құттықтау сөз сөйледі. Семинарға 18 педагог қатысты. Қонақтармен «Ұяшық» интеллектуалдық ойын ойнады. Барлығы ат салысып қатысты. “Нұршуақ” ортаңғы тобында «Табиғат байлығы» атты ұйымдастырылған іс-әрекетпен жалғасты. Балалармен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өткізген: педагог-модератор Айтеев Ж.С
«Әжемнің оюы» атты ересек тобында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әр түрлі ойындар тапсырмалар орындады. Өткізген:педагог-модератор Жумабекова О.С
Әр түрлі тренингтер ұйымдастырылды.
Қонақтармен «Әкелер, Әжелер, Аналар» мектебінің мүшелерімен кездесу өтті. Ата-аналар өздерінің іскерліктерін қөл өнерін педагогтарға таныстырды.
Қорытынды сөзді Ұлытау ауданының білім бөлімі әдіскері Ләззат Ғалымқызы педагогтардан өзінің ойын сұрап ұсынысын білдіріп қорытындылады.
Семинарды ұйымдастырушы: “Таңшолпан” бөбекжайының басшысы Мукушева Айнамкуль Байменова
Әдіскер:Сесерхан Жібек