Тіліңізді таңдаңыз

Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК
Ресми интернет-ресурс

Әжелер, Әкелер, Аналар

“Таңшолпан” бөбекжайында Мектепке дейінгі ұйымдағы «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» бағдарламасы бойынша «Әжелер, Әкелер, Аналар» мектебін ұйымдастыру тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы және «Әжелер, Әкелер, Аналар» мектебін ұйымдастыру бойынша ұлттық құңдылықтарды іске асыру мақсатында педагогтармен тәжірибе алмасу.
Ұлытау облысының білім басқармасының «Мектепке дейінгі,жалпы орта білім беру және тәрбие» бөлімінің бас маманы Кульбаева Б.Т және Ұлытау ауданының
білім бөлімінің басшысы
Абдраимов Б.Қ. құттықтау сөз сөйледі. Семинарға 18 педагог қатысты. Қонақтармен «Ұяшық» интеллектуалдық ойын ойнады. Барлығы ат салысып қатысты. “Нұршуақ” ортаңғы тобында «Табиғат байлығы» атты ұйымдастырылған іс-әрекетпен жалғасты. Балалармен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өткізген: педагог-модератор Айтеев Ж.С
«Әжемнің оюы» атты ересек тобында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында әр түрлі ойындар тапсырмалар орындады. Өткізген:педагог-модератор Жумабекова О.С
Әр түрлі тренингтер ұйымдастырылды.
Қонақтармен «Әкелер, Әжелер, Аналар» мектебінің мүшелерімен кездесу өтті. Ата-аналар өздерінің іскерліктерін қөл өнерін педагогтарға таныстырды.
Қорытынды сөзді Ұлытау ауданының білім бөлімі әдіскері Ләззат Ғалымқызы педагогтардан өзінің ойын сұрап ұсынысын білдіріп қорытындылады.
Семинарды ұйымдастырушы: “Таңшолпан” бөбекжайының басшысы Мукушева Айнамкуль Байменова
Әдіскер:Сесерхан Жібек